Сіз қандай ет жеп жүрсіз? Диетолог қиын қорытылатын ет түрлерін атады

Сіз қандай ет жеп жүрсіз? Диетолог қиын қорытылатын ет түрлерін атады
Фото: pixabay.com

Ағзада үлкен малдың еті, әсіресе, сиыр және қой еті қиын қорытылады. Бұл жайлы "Fedpress"-ке диетолог Марина Макиша айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Біздің ағзамыз үлкен сиыр немесе қой етін қиын қорытады. Мал неғұрлым үлкен болса, ет соғұрлым қатты болады. Сәйкесінше, мұндай бұлшықет талшықтары біздің ағзамызға қиын сіңеді", - деп түсіндірді маман.

Диетолог белсенді өмір сүрген малдың етін және жабайы жануарлардың етін қорыту қиын екенін атап өтті. Сонымен қатар, еттің қаттылығына малдың қандай жағдайда өсірілгені әсер етеді.

Етті оңай сіңіру үшін оны бұқтырған жөн. Сондай-ақ, етті механикалық өңдеуге болады, мысалы, одан котлет жасаңыз. Диетлог майлы ет ас қорыту жүйесіне қосымша күш түсіретінін айтты.

Оқи отырыңыз: Күнде ет жесе не болады?

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

А. Жапатова