"Бірге жыладық қой". Блогер Ақерке Мелдехан әкесіне күтпеген сыйлық жасады

"Бірге жыладық қой". Блогер Ақерке Мелдехан әкесіне күтпеген сыйлық жасады

Блогер Ақерке Мелдехан әкесіне пранк жасап, автокөлік сыйлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Блогер әкесін автосалонға ертіп апарып, жарнама түсіргендей кейіп танытқан. 

"Әкемізге арналған ПРАНК. Аллаға шүкір. Бала-шағасының атынан су жаңа автокөлік", - дейді блогер. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Акерке Нурышова (@akerke_meldehan)

Блогердің оқырмандары оның бұл сыйлығына тәнті болып, жағымды тілектерін жарыса жазған. 

"Көзге еріксіз жас келді ғой"

"Осындай пранкты әке, анамызға жасауды Аллам нәсіп етсін" 

"Бірге жыладық қой"

"Жаным, әкең "мен алдандым" дей ме. Қуаныштар көп болсын алданатын. Ата-ананың батасын алып өсіп-өне беріңдер!"

"Жаным құтты болсын, адамды қуантқанды жақсы көресің ғой, Алла ниетіңе берсін", - дейді Желі қолданушылары. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина