Павлодарда бала металл сақинада тұрып қалды

Павлодарда бала металл сақинада тұрып қалды
Фото: Tengrinews.kz

Павлодарда бала металл сақинада тұрып қалды. Тұрғындар баланы өз күштерімен алып шығуға тырысқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін сағат 16:58-де Максим Горький көшесіндегі балалар алаңында темірден жасалған ойын сақинасына бала тұрып қалғаны туралы хабарлама түсті.

"Оқиға туралы тұрғындар хабарлады. Олар алдымен баланы өз күштерімен алып шығуға тырысты. Оқиға орнына жедел жеткен 5 құтқарушы сақинаны гидравликалық құралмен тістеп, баланы құтқарды", - деп хабарлады департамент.

Бала зардап шеккен жоқ.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Павлодар Облысы Тжд (@pavlodar_tjd)

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан