85 миллион: Антикор "Жетісу" футбол клубының директоры не үшін ұсталғанын хабарлады

85 миллион: Антикор "Жетісу" футбол клубының директоры не үшін ұсталғанын хабарлады
Фото: ашық дереккөз

"Жетісу" футбол клубының директоры Қалмұхамет Дөңсебаев бюджет қаражатын жымқыру бойынша күдікке ілінді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Антикордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның хабарлауынша, ол 2022-2023 жылдары оқу-жаттығу жиындарына бөлінген 85,4 миллион теңге сомасындағы бюджет қаражатын сенімді тұлғалардың карточкалық шоттарына аудару арқылы жымқырған.

Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды.

Қылмыстық әрекеттің басқа эпизодтары тексеріліп, тергеу жалғасып жатыр.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

М. Лұқпан