Автошеру, концерттер: Алматыда Мемлекеттік рәміздер күніне орай қандай шаралар өтеді?

Алматыда ҚР Мемлекеттік рәміздері күніне орай түрлі іс-шаралар, соның ішінде мемлекеттік Туды салтанатты түрде көтеру, Әнұран орындау, автошеру, тақырыптық көрмелер, мерекелік концерт және т.б. жоспарланған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сағат 11:00-де "Медеу" биік таулы спорт кешенінің алаңында мемлекеттік Туды көтеру және Әнұранды орындау салтанатты рәсімі өтеді.

16:00-де "Алатау" дәстүрлі өнер театрында ҚР Мемлекеттік рәміздер күніне арналған мерекелік концерт өтеді.

19:00-де Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында Н. Тілендиев атындағы "Отырар сазы" академиялық фольклорлық-этнографиялық оркестрінің "Менің елім" патриоттық концерті өтеді.

Қаланың барлық ауданында мерекелік концерттер өтеді:

  • Әуезов ауданы:

Сағат 10:00-де Әуезов ауданы әкімі аппаратының алдында (Алтынсарин даңғ, 23) - ҚР мемлекеттік Әнұранды орындау және мемлекеттік Туды көтеру бойынша флешмоб.

10:00-де І ауысым, 15:00-ІІ ауысым "Шыңға өрлеу" әлеуметтік клубында "Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері және оның даму тарихы" тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.

11:00-де жалаушалармен безендірілген 12 машинамен автошеру. Автошеру бағыты Н. Сац атындағы жасөспірімдерге арналған театрдан басталып, одан әрі шеру Саин көшесімен Райымбек даңғылына дейін және кері қарай Саин көшесімен Жандосов көшесіне дейін жылжиды.

17:00-де "Рәміздер-ел мәртебесі" фотокөрмесі (Мамыр-1, 29/7).

  • Жетісу ауданы:

12:00-де Кемел мәдениет үйінде "Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері - ұлттық мақтаныш" атты дөңгелек үстел өтеді.

  • Алатау ауданы:

09:00-де Алатау ауданы әкімдігінің алдындағы алаңда ҚР Әнұраны салтанатты түрде орындалады.

10:00-де ҚР Мемлекеттік рәміздер күніне арналған веложарыс Б.Момышұлы көшесі бойымен Б. Момышұлы мен Мөңке би көшелерінің қиылысынан "Алматы Арена" мұз айдынына дейін.

  • Алмалы ауданы:

11:00 ҚР Әнұранын салтанатты түрде орындау.

Күні бойы Арбатта ( Панфилов көшесі, 101,103 үйлерінің балконына) және "Алматы қонақүйіне ҚР Туы ілінеді.

  • Бостандық ауданы:

11:00-де Атакент аумағында "4 маусым – Рәміздер күні" мерекесіне орай Әнұран салтанатты түрде орындалады.

14:00-де Ұлттық кітапханада "Елтаңбасымен еңселі, Әнұранымен айбынды, Туымен тұғырлы" тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.

  • Наурызбай ауданы:

10:00-де Амфитеатрда 100 сарбаз, 30 курсант, ардагерлер, балабақшалар мен "Шыңға өрлеу" әлеуметтік клубының балалары, аудандық қызметтердің, басқармалардың және аудан әкімдігінің қызметкерлері Әнұранды орындайды. Сондай-ақ, Инновациялық шығармашылық орталығының 45 домбырашысы "Балбырауын", "Ерке сылқым" күйлерін домбырада тартады.

10:00-де Наурызбай ауданы әкімдігінің аумағында амфитеатрда "Мемлекеттік рәміздер" тақырыбында көрме өтеді.

11:00-де Абай - Саин - Шаляпин - Әшімов - Жандосов - Карьерная көшелерінің бойымен автошеру өтеді.

  • Түрксіб ауданы:

11:00-де №6 оқушылар үйінің алдында "4 маусым – Рәміздер күні" мерекесіне орай ҚР Әнұраны салтанатты түрде орындалады.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!