Телефон пайдалану, ереже бұзу: Алматы облысында 200-ден аса автобус жүргізушісі жазаланды

Алматы облысында үш күн ішінде екі жүзден аса автобус жүргізушісі жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ІІМ мәліметінше, 3 күн ішінде 222 автобус жүргізушісі әкімшілік жауапқа тартылған.

"Оның ішінде көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзғаны үшін 68, көлік құралын басқару кезінде телефонды пайдаланғаны үшін 62, маневр жасау ережелерін бұзғаны үшін 50, сақтандырусыз көлік құралын басқарғаны үшін 18, техникалық байқаудан өтпегені үшін 9, көлік басқару құқығынан айырылған 8, көлік құралдарын тиісті рұқсатсыз қайта жабдықтағаны үшін 7 жүргізуші жауапқа тартылды", - деді облыстық әкімшілік полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Еркебұлан Ахметов.

Бұл заңбұзушылықтар жол-көлік оқиғаларының қаупін арттырып қана қоймайды, сонымен қатар, жолаушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін.

Тәртіп сақшылары көлік компанияларының иелері мен жүргізушілерді талаптарды сақтауға, көліктің техникалық жағдайын үнемі тексеруге және жол ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!