"20 рет құладым". Атқа мінген 5 жасар Едіге жұртты сүйсіндірді

Атқа мінген 5 жасар Едіге жұртты сүйсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл видео әлеуметтік желіде пайда болды.  Онда 5 жасар Едіге Жұматай аттан 20 рет құлағанын айтады. 

"Гаухар деген аттан екі рет құладым. Торы байталдан құладым. Сабаққа бармаймын, кішкентаймын. 5-темін ғой. Балабақшадан шығып кеттім. Бұйырса 6-ға толғанда шабамын", - дейді ол. 

Едіге Жұматай - 57 көлік ұтқан Ақжол Жұматайдың туған інісі. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!