Қазақстандық Бельгияда 27 жыл бойы жалған атпен жасырынған: видео

Қазақстандық Бельгияда 27 жыл бойы жалған атпен жасырынған. Қылмыскер Алматыға Бельгиядан жеткізілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Алматы ПД-ға сілтеме жасап. 

Алматының криминалдық полициясының мәліметінше, 63 жастағы қазақстандық 1997 жылы маусымда Новосибирскте отандасымызды ұрлап, өлтіруге қатысқан, кезінде оны босату үшін туыстарынан 100 мың доллар өтемақы талап еткен.

Қаскөйлер бұл ауыр қылмысты адамдар тобында алдын ала сөз байласу арқылы жасағаны белгілі болды.

"Тергеу барысында қылмысқа қатысушылар ұсталып, оларға түрлі жазалар тағайындалды. Сот органдарынан қашып кеткен қылмыскерлердің біріне қатысты сырттай қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы, сондай-ақ, мемлекетаралық және халықаралық іздеу жарияланды. Іздеудегі ер адам жалған деректермен Бельгияда жасырынып жүргені белгілі болды. Алматы қалалық Прокуратурасының үйлестіруімен және Интерполдың көмегімен күдікті ұсталып, Алматы қаласына жеткізілді. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді, Алматы қалалық полиция Департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Қуатбек Науатов.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!