39 тоннадан аса шие экспорттаушы елге кері қайтарылды

39 тоннадан аса шие экспорттаушы елге кері қайтарылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жамбыл облысының фитосанитариялық бақылау бекеттерінде Қырғыз Республикасынан Ресей Федерациясына жіберілген шиенің дрозофила зиянкестерінің дернәсілдерімен зақымдануына қатысты 2 жағдай анықталды. Бүлінген өнімнің жалпы көлемі 39 тоннадан асқан. 

ҚР ӘҚБтК-нің 400-бабына сәйкес фитосанитариялық талаптарды бұзғаны үшін әкімшілік айыппұлдар салынды. 

Сонымен қатар, өнім дереу экспорттаушы елге қайтарылды. 

Айта кетейік, дрозофила - кішкентай шыбындар (жеміс шыбындары), олардың мөлшері шамамен 2-4 миллиметр және салмағы екі миллиграмм, әдетте қоңыр-сұр денелері мен қызыл көздері бар. Дернәсілдері өсімдік тектес субстраттарда дамиды. Шыбындар шіріген көкөністер мен жемістермен, ашыған ағаш шырынымен, саңырауқұлақтардың жеміс денелерімен және микрофлораға бай басқа органикалық қалдықтармен қоректенеді.

Еске салайық, бұған дейін Түрікменстан мен Өзбекстаннан әкелінген 60 тонна қызанақтан қауіпті вирус табылғаны хабарланды. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!