Түркістан облысында мүгедек жанды соққыға жыққан жасөспірім жазаланды

Түркістан облысында мүмкіндігі шектеулі жанды ұрып-соққан жасөспірім жазаланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап. 

Келес аудандық соты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 73-1 бабының 1-бөлігінде көзделген құқықбұзушылықты жасаған 2006 жылғы жасөспірімге қатысты әкімшілік істі қарады.

Құқықбұзушы Б. 26 наурызда Оразата ауылына қарасты мал жайылымында бас араздық салдарынан ІІІ топтағы мүгедек жәбірленуші А.-ны ұрып-соғып, денсаулығына қасақана жеңіл зиян келтірген. Сотта Б. кінәсін мойындамай, жәбірленуші А-ға қол жұмсамағанын айтқан.

Соттың қаулысымен құқықбұзушы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 73-1 бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл түріндегі жаза тағайындалды. Қаулы заңды күшіне енді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!