Елорданың орталығында көшелер жабылады

Елорданың орталығында көшелер жабылады
Фото: depositphotos.com

3-4 маусымда Астананың орталығындағы көшелер жөндеуге жабылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы 3-4 маусым аралығында Қабанбай батыр даңғылы мен Орынбор көшесінің қиылысында жол төсеміне орташа жөндеу жұмысы жүргізілетінін ескертеді. Осыған байланысты мұнда көлік қозғалыс толық шектеледі", - деп жазылған әкімдік таратқан хабарламада.

Астана тұрғындары мен қонақтары жолдарда кептелісті болдырмау үшін сапарын алдын ала жоспарлауға тиіс.

"Уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз", - деп жазылған хабарламада.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

А. Есен