Қазақстанда маусым айында ауа райы қандай болады?

Қазақстанда маусым айында ауа райы қандай болады?
Фото: Болат Айтмолда

Қазгидромет маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Маусымда республиканың басым бөлігінде орташа айлық ауа температурасы норма шамасында, батыста және елдің оңтүстік жартысында нормадан 1 градус жоғары болады деп күтіледі.

"Маусымда жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде норма шамасында, Атырау, Маңғыстау облысында, Батыс Қазақстан облысының басым бөлігінде, Қызылорда облысында, Ақтөбе облысының оңтүстік-батысында нормадан аз болады деп болжанған.

Маусымда атмосфералық фронттардың өтуімен жаңбыр кей күндері қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, қатты жел күтіледі", - делінген хабарламада.

Маусымның бірінші онкүндігінде Қазақстанның солтүстік, орталық, шығыс және оңтүстік-шығыс облыстарында Жерорта теңізінің шығыс жағалауынан және Орта Азиядан жылы ауа массаларының шығуымен ауа температурасының жоғарылауы күтіледі:

еліміздің солтүстігінде, орталығында түнде +2+10°С-тан +12+20°С-қа дейін, күндіз +13+20°С-тан +22+30°С-қа дейін;
шығыста түнде +2+7°С-тан +13+18°С-қа дейін, күндіз +13+18°С-тан +23+30°С-қа дейін;
оңтүстік-шығыста түнде +7+12°С-тан +12+20°С-қа дейін, күндіз +22+30°С-тан +25+37°С-қа дейін.
Батыс және оңтүстік аймақтарда температураның негізгі фоны болжанады:

елдің батысында, солтүстік-батысында (Ақтөбе облысы) түнде +15+25°С, күндіз +25+38°С;
оңтүстік-батыста түнде +20+28°С, күндіз +30+39°С;
оңтүстік өңірлерде түнде +12+17°С, күндіз +27+38°С;
Бірінші онкүндіктің соңында елдің басым бөлігінде аптап ыстықтың бәсендеуі күтіледі. Маусымның екінші және үшінші онкүндігінде ауа температурасының солтүстік, орталық және шығыс облыстарда күндіз +20+25°С-тан +30+38°С-қа дейін, ал батыс, оңтүстік өңірлерде 25+30°С-тан 34+39°С-қа дейін ауытқуы болжанған.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Бөлек