"Әншілердің гонорарын көре алмайтын жанның әңгімесі". Ұланғасыр Қами өзін сынап тастағандарға жауап берді

Әнші Ұланғасыр Қами "Бес жұлдыз" бағдарламасында өзін сынап тастағандарға жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бағдарламада сарапшылардың бірі әншіні сынап тастаған болатын. 

"Мына жерде, мына музыкадан қандай мәдениет көресің? Заманауи, өңдеуі күшті әнмен келген балаларға 4 қоясыздар. Мына жерде бәрі шайқап билеп жатыр ғой. Тойды жақсы көресіздер", - деген еді сарапшы. 

Ұланғасыр Қами сарапшының той туралы айтқан сөзіне жауап берді. 

"Тойдың несі жаман? Той болып жатса Қазақстанымыз тыныш, бейбіт өмір сүріп жатыр деген сөз. Тойды қысөарту керек деген адамдарды да түсінбеймін. Қысқартсаңыз - өзіңіз той жасамай-ақ қойыңыз. Басқасы кредит алып жатса өзінің проблемасы ғой. Әркім өзі біледі, өз шаруасы. 

Екіншіден, егер сіздің де той туралы бір әніңіз хит болып кетсе, халық сол әнге билеп жатса, сіз бұлай айтпас едіңіз. Бұл әншілердің гонорарын көре алмайтын жанның әңгімесі", - дейді Ұланғасыр Қами. 

@ulangasyrqami Шындығы осы! #бесжұлдыз #сырымсмағұлов #ұланғасыр ♬ оригинальный звук - ULANGASYRQAMI

Сонымен қатар, әнші оның шығармашылығы мәдениетті дамытпайды деген сөзіне жауап берді. 

"Шоу бизнесті дамытса баяғыда 91 тобы дамытар еді. 91 тобы көтеруін көтерді, шоу бизнес қайтадан құлады. Қазақстанда ешқашан шоу бизнес көтерілмейді. Той бизнес көтеріліп кеткен. Себебі біз қазақпыз. Шындық осы", - дейді әнші. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!