Маңғыстаулық блогер әкесі анасын аяусыз ұрып тастағанын мәлімдеп, көмек сұрады

Маңғыстаулық блогер әкесі анасын аяусыз ұрып тастағанын мәлімдеп, көмек сұрады
Фото: видеодан скрин

Әлеуметтік желіде "Жека прада" лақап атымен белгілі маңғыстаулық блогер әкесі анасын аяусыз ұрып тастағанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Видео Instagrаm желісіндегі Abdulla_kz парақшасында пайда болды. Маңғыстаулық блогер өзі Алматыда жүргенінде әкесі анасын аяусыз ұрып тастағанын айтты. 

"Әкем ішіп алып анамды түн ортасында қуалап сабап, мүгедек қылуға дейін апарған. Бала кезімде мені аямай ұрып, психологиялық соққы жасаған. Бала үшін анадан артық адам жоқ. Әкенің жақсылығы жездедей-ақ. Мұндай әкенің барынан жоғы. Бала күнімде анам екеуімізді кезек-кезегімен ұрып, төмпештейтін. Жасы елуге келсе де, анамды ұруын тоқтатар емес. Әкем лайықты жазасын алса екен. Полицияға тапсырғанымызбен екі сағаттан кейін, ешнәрсе болмаған сияқты босатып жібереді", - дейді блогер.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Резерв Страница (@abdulla_kz_kz)

Блогер Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданынының полициясына арыз жазып жатқанын, алайда олардың адамды ұрып-соққаны үшін соттамайтынын айтып қынжылды.

"Адамды ұрып-соққанда жарақаты қаншалықты ауыр болады. Сол кезде ғана жазасы қатты болады. Ал жай ұрса, жазасы да жеңіл болады екен. Мені осылай деп шығарып салды. Мұнайлы ауданының соты ешқандай жұмыс істемейді", – деді ол.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Сатыбалдина