"Рәкөшке рақмет". Ерке Есмахан ата-енесіне алғыс айтты

Әнші Ерке Есмахан ата-енесіне алғыс айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ерке Есмахан Алладан бақ сұрау керегін айтады. 

"Алла маған сол бақты үйіп берген. Шүкір! Ата-енем де сол бағым. Папа-мамам ақ жүректерімен "Сендей қызымыз бар, бізге бұйырғаныңа шүкір, Рәкөшке рақмет, сені әкелген, қалған сөйлегендер сөйлей берсін" деп отырады. Қалай бақ демейсің енді?!

Күйеуімнің, ата-анамның разылығын алуға, жақсы келін болуға, осы әулеттің ұрпағын жалғастыруға барымды саламын. Сіздерді жақсы көремін, отбасым. Аллаға сансыз шүкір айтамын", - дейді әнші.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!