"Шаршадым". Атырауда сотталушы сот үкімін естіген кезде тамырын кескен

31 мамыр күні таңертең облыстық сот залында 40 жастағы ер адам ҚР Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңының 608-бабы (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы) бойынша бір жарым жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға үкім шығарған сот шешімімен келіспеу үшін тамырын қағаз кесетін пышақпен кесті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Ақ Жайық" газетіне сілтеме жасап.

Бұл қала тұрғынының алғашқы соттылығы емес. Ажырасу процесінде оның 36 жастағы әйелі күйеуінің үстінен өтініш жазып, ол 389-бап ("өзінше билік ету") бойынша сотталды. Әдетте, бұл бап бойынша сотталғандар айыппұл төлеумен, түзеу жұмыстарын атқарумен немесе қамауға алумен жазаланады.

Үкім шыққаннан кейін сотталушы өзіне қол жұмсағысы келген.

"Мен шаршадым, мені қайта-қайта тұтқындап жатыр. Менің шыққаныма бір жарым ай болды. Ешқандай әділдік жоқ, мен өзімді өлтіремін", - деді ол.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!