Ыстамбұлда төрт қабатты тұрғын үйдің құлаған сәті видеоға түсіп қалды

Ыстамбұлда төрт қабатты тұрғын үйдің құлаған сәті видеоға түсіп қалды
Фото: видеодан кадр

Бүгін, 2 маусымда таңертең Ыстамбұлдың батысындағы Күчүкчекмедже ауданында төрт қабатты тұрғын үй құлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Адамдарды үйінді астынан алып шығу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Ahaber басылымының хабарлауынша, бір адам қайтыс болды. Жеті адам ғимарат қирандыларының астынан шығарылып, ауруханаға жатқызылды. Оның екеуінің жағыдайы ауыр.

Апаттың себебі әлі белгісіз.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

А. Жапатова