Балауса Мұздыман қарсыласын небәрі 43 секундта нокаутпен жеңді

Балауса Мұздыман қарсыласын небәрі 43 секундта нокаутпен жеңді
Фото: видеодан кадр

Кәсіпқой бокста аса жеңіл салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы қыз Балауса Мұздыман (3-0, 2 КО) үндістандық қарсыласын бірінші раундта нокаутпен жеңді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Балауса Мұздыман Үндістаннан келген Моника Сингхке қарсы шықты. Жекпе-жек сегіз раундқа созылады деп күтілді, бірақ ол алғашқы 3 минутта аяқталды. Жекпе-жек басталғаннан кейін 43 секундтан кейін Балауса қарсыласына бауырдан сәтті соққы берді, нәтижесінде Сингх жекпе-жекті жалғастыра алмады.

Осылайша, Балауса Мұздыман төрт жекпе-жектің төртеуін де жеңді, оның үшеуінде нокаутпен аяқтады.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

А. Жапатова