"70% жағдайда үлкендер мән бермеді". Динара Зәкиева ересектердің жауапсыздығы туралы айтты

"70% жағдайда үлкендер мән бермеді". Динара Зәкиева ересектердің жауапсыздығы туралы айтты
Фото: instagram.com/zakiyevadinara

Балалар омбудсмені Динара Зәкиева халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтауында ата-ананың баланың өміріне деген жауапсыздығы мәселесі туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның айтуынша, кез келген ата-ана баласы үшін жауапкершілік алуды үйрену керек.

"Әр баланың өмірі мен қауіпсіздігі ересектерге және ең алдымен оның ата-анасына байланысты. Ата-ана ретінде балаларымыздың тағдыры үшін бірінші кезекте біз жауапты екенінімізді үнемі есте ұстауымыз керек. Бір өкініштісі, статистика балаларға қауіптің жиі төнетінін көрсетеді. Күн сайын 3 бала терезеден құлап, уланудан, жарақаттанудан, көлік апатынан қайтыс болып жатыр. Зорлық-зомбылыққа қатысты трагедиялардың көбін болдырмауға болушы еді, 70% жағдайда айналадағы адамдар уақытында әрекет етпеді", - деді ол.

Сондай-ақ, балалар омбудсмені ересектерді балаға қамқорлық танытуға , қорғауға шақырды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

А. Жайыққызы