Атырауда Жайық өзенінің деңгейі төмендеді

Атырауда Жайық өзенінің деңгейі төмендеді
Фото: Атырау облысы жедел штаб

Жайық өзенінің деңгейі Индер мен Махамбет ауданында төмендеп, Атырау қаласының тұсында көтерілген жоқ, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі облыстағы жедел штабқа сілтеме жасап.

Атырау облысындағы Жайық өзеніндегі су деңгейі бойынша 1 маусымдағы мәлімет  (31 мамыр сағат 8.00 салыстырғанда).

  • с. Индербор -7 см, су деңгейі - 941 см, шекті деңгейі - 845 см;
  • с. Махамбет -0 см, су деңгейі - 1014 см, шекті деңгейі - 850 см;
  • Атырау қ. -0 см, су деңгейі - 600 см, шекті деңгейі - 550 см;
  • Жаңаталап ауылы -0 см, су деңгейі - 431 см, шекті деңгейі - 500 см;
  • с. Еркінқала -0 см су деңгейі - 388 см, шекті деңгейі - 450 см. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

А. Жайыққызы