Оралда тұрмыстық қалдықтар полигонындағы өрт әлі сөнбеді

Оралда 3 гектар аумақты қамтыған тұрмыстық қатты қалдықтар полигонындағы өрт бықсып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі БҚО ТЖ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өрт кеше кешкісін басталған.

"Қазіргі кезде шамамен 3 гектар аумақта қоқыс бықсуда. "Жайық таза қала" ЖШС-ның теңгеріміндегі полигонның жалпы ауданы – 9,7 гектар, қоқыстың аумағы – 5 га. Полигондағы өрт бүгін сағат 03.22-де оқшауланды. Оны сөндіруге ТЖ департаментінен 92 адам, 12 техника, полиция департаментінен 4 адам, 2 техника, "Жайық таза қала" ЖШС-дан 23 адам, 23 техника, жергілікті атқарушы органнан 2 адам, 1 техника, экология департаментінен 3 адам, 1 техника қатысуда", - делінген хабарламада.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!