Алматыда есірткі өндіретін зертхана жойылды

Алматы қаласы бойынша ҰҚК департаменті қалалық прокуратураның үйлестіруімен синтетикалық есірткі өндіру бойынша жерасты зертханасы жойылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"16 мамырда оңтүстік астананың жеке үйлерінің бірінде психотроптық заттарды дайындау процесінде Қазақстанның екі азаматы ұсталды. Тінту барысында 7 кг "мефедрон" психотроптық заты және 200 литр прекурсорлар, сондай-ақ есірткі құралдарын дайындауға арналған жабдықтар алынды. Табылған есірткінің құны "қара" нарықта шамамен 140 млн теңгені құрауы мүмкін", - делінген хабарламада.

Тергеу мәліметтері бойынша, ұсталған адамдар шетелдік интернет-дүкендердің бірінің мүддесі үшін "варщиктер" деп аталатындар ретінде жұмыс істеген.

Соттың санкциясымен оларға қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Қылмыстық Кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!