"Моя прекрасная няня" сериалы арқылы белгілі Анастасия Заворотнюк жер қойнына тапсырылды

"Моя прекрасная няня" сериалы арқылы белгілі Анастасия Заворотнюк жер қойнына тапсырылды
Фото: сериалдан скрин

"Моя прекрасная няня" сериалы арқылы белгілі Анастасия Заворотнюк жер қойнына тапсырылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мәскеуде актрисаны ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті. Оған әнші Лолита, мәнерлеп сырғанаушы Илья Авербух, Вернадский даңғылындағы Үлкен Мәскеу мемлекеттік циркінің бас директоры Эдгард Запашный келді.

Актриса Валентин Гафт пен Юрий Шатунов жерленген Троекуров зиратына жерленеді.

Еске салайық, бұған дейін көпшілікке "Моя прекрасная няня" сериалымен таныс Анастасия Заворотнюк қайтыс болғаны хабарланды. 

Актриса 53 жаста еді. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова