Балалар арасында қылмыс жасау дерегі азайған

Балалар арасында қылмыс жасау дерегі азайған
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Кейінгі 20 жылда балалар қылмысы едәуір азайған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

Мәселен, 2000 жылы балаларға қатысты қылмыс саны 7 мың 300-ден асса, 2022 жылы бұл көрсеткіш 1700-ге қысқарды.

Аса ауыр қылмыс саны 2022 жылы 37-ге дейін азайған. Жеткіншектер арасында жиі кездесетін қылмыстар ішінде ұрлық, тонау дерегі біршама азайғаны байқалады. Мәселен, екі жыл бұрын 782 дерек тіркелген. Ал бес жыл бұрын бұл көрсеткіш екі есе көп болған еді. Дегенмен кәмелетке толмағандар арасында алаяқтық дерегі артпаса, кемігені байқалмайды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова