Алматыда қара нарықта құны 140 миллион теңге болатын мефедрон тәркіленді

Алматы қаласында жерасты есірткі зертханасы анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

16 мамырда жеке үйлердің бірінде психотроп заттарды дайындау барысында Қазақстанның екі азаматы ұсталды.

Тінту барысында 7 келі мефедрон және 200 литр прекурсор, сондай-ақ, есірткі құралдарын дайындауға арналған жабдықтар тәркіленді.

Табылған есірткінің құны қара нарықта шамамен 140 миллион теңге болуы мүмкін.

Тергеу мәліметтері бойынша, ұсталған адамдар шетелдік интернет дүкендердің бірінің мүддесі үшін "варщиктер" деп аталатындар ретінде жұмыс істеген.

Соттың санкциясымен оларға қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Қылмыстық Кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша соталды тергеу жүріп жатыр.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз