Атырауда ауызсуға қатысты мониторинг күшейтілген

Атырауда ауызсуға қатысты мониторинг күшейтілген
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Төтенше жағдай басталғалы бері Атырау облысы мен қала тұрғындарын қамтамасыз ететін ауызсудан, су құрылғыларынан сынама алу жұмысы күшейтілген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі atpress.kz-ке сілтеме жасап. 

Бүгінде тұрғындарды ауызсумен қамтамасыз етуді тоқтатпау үшін сынама алу нүктелер саны артып, тексеру жиелігі күшейтілген.

"Атырау қаласындағы су қондырғысына жүргізілген сынамада ауызсудан гигиеналық нормативке сәйкес келмейтін жайттар анықталған жоқ. Бірақ Жайық өзенінің лайлылығы, құрғақ қалдықтары бойынша жүргізілген тексеріс нәтижесінде ашық судан су ішуге болмайтыны ескертілді", - дейді Атырау облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы Айгүл Сабырқызы.

ТЖ басталғалы ашық және ауызсудан облыс бойынша 900-ден аса сынама алынды. Оның ішінде 300-ден аса сынама қала аумағында жүргізілді. Ашық су көзінен алынған 32 сынаманың 16-сы гигиеналық нормативке сәйкес келмейтіні анықталды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова