Алматы облысында қоғамдық көлік түгі қалмай өртеніп кетті

Алматы облысы Байсерке ауылында қоғамдық көлік өртенді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Төтенше жағдайлар министрлігі мәліметінше, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

ТЖМ азаматтарды сақ болуға шақырады.

"Жолда көлігіңіз өртене бастаса, көлікті дереу тоқтатып, көліктен шығып кетуіңізді сұраймыз! Көлікте төтенше жағдай болған жағдайда 101 немесе 112 телефондарына хабарласыңыз!" - деп жазылған хабарламада.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!