Бублик пен Шевченко "Ролан Гаррос" турнирінің жұптық сындағы матчын сәтті бастады

Қазақстандық теннисшілер Александр Бублик пен Александр Шевченко "Ролан Гаррос" турнирінің жұптық сындағы матчын сәтті бастады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстандық жұп алғашқы раундта сербиялықтар Душан Лайович және Миомир Кецмановичпен кездесті.

Бублик пен Шевченко қарсыластарын 6:4, 1:6, 6:3 есебімен жеңді. 

Еске салайық, бұған дейін Бублик те, Шевченко да "Ролан Гаррос" турнирінің екінші айналымынан әрі аса алмаған еді.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!