Батыс Қазақстан облысында қоқыс полигонындағы екі ірі өрт сөндіріліп жатыр

Батыс Қазақстан облысында қоқыс полигонындағы екі ірі өрт сөндіріліп жатыр
Фото: видеодан алынған кадр

Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері Батыс Қазақстан облысының қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарында шыққан өртті сөндіріп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өрттің алғашқы дерегі Бөрлі ауданының Ақсай қаласында тіркелді, оның ауданы шамамен 300 шаршы метр болған.

Екінші факт – Оралда, өрттің алдын ала ауданы – 2 гектар.

Алдын ала ақпарат бойынша зардап шеккендер жоқ.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан