Екібастұзда жеңіл көлік иесі жас қызды қағып кетті

Екібастұзда жеңіл көлік иесі жас қызды қағып кетті. Жазатайым оқиғаның кадрын Instagram-да қолданушыларының бірі бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Қалалық полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін сағат 14:40 шамасында Volkswagen Golf маркалы автокөлігінің жүргізушісі Сәтбаев көшесі, 8/1-үйдің ауласында жолдан өтіп бара жатқан 20 жастағы қызды қағып кетті.

"Зардап шегуші алған жарақаттарымен жедел жәрдем машинасы арқылы қалалық ауруханаға жеткізіліп, травматология бөлімшесіне жатқызылды", - деп хабарлады жедел жәрдем станциясы.

Тәртіп сақшылары оқиғаға қатысты тексеріс жүргізіп, сараптамалар тағайындалды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!