Жаздың алғашқы күнінде елдің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Синоптиктер ертең, 1 маусымда Қазақстанның басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жетісу облысының шығысында жоғары өрт қаупі бар.

Атырау облысында облыстың батысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз найзағай кезінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Күндіз  36 градус қатты ыстық болады. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі бар, батысында төтенше өрт қаупі сақталады. 

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың солтүстік-батысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ жауады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, орталығында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Астанада күннің екінші жартысында найзағай ойнайды.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде нөсер жаңбыр жауады. Күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз күші 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде екпіні 23 м/с-қа жетеді. 

Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысының басым бөлігінде жоғары өрт қаупі бар, облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, найзағай кезінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында 35 градус ыстық болады. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Абай облысының оңтүстігінде найзағай ойнайды. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Түнде облыстың солтүстік-шығысында, орталығында 2 градус үсік болады.

Шығыс Қазақстан облысының шығысында, орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде найзайғай ойнайды. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 2 градус үсік болады. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.

Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында, шығысында найзағай. Облысың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысында найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысының солтүстігінде 3 градус үсік болады.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!