Ақшаны мұздатқышта сақтаған: Антикор ректордың ұсталған сәті түсірілген видеоны жариялады

Антикор ректордың ұсталған сәті түсірілген видеоны жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Видео департаменттің ресми Telegram-каналында жарияланды. Кадрлардан Антикор қызметкерлері пәтерді тінткенін көруге болады. Тергеушілер мұздатқыштан бір сөмке ақшаны тапқан. 

Еске салайық, бұған дейін Антикор Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің ректоры жемқорлық үшін күдікке ілінгенін хабарлаған еді.

Ол медициналық жабдықтарды мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша бюджет қаражатын кедергісіз аударғаны үшін Алматы қаласының кәсіпкерінен 11,6 млн теңге көлемінде пара алған.

Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз