"Қоғамның үмітін ақтаудың орнына, басқаша шешім қабылдадым". 75 жастағы ер адам ерекше кәсібі туралы айтты

Фото: Видео кадры

Дат халқылының өзге тілдерге аударылмайтын керемет сөзі бар - Хүгге. Мұны әркім өзінше түсінеді. Кейбіріне бұл бақыт, кейбіріне тыныштық ретінде келсе, енді кейбіріне бұл - өз ісіңді табу. Ғалымлардың айтуынша, адамның ойы, қалауы мен арманы өзгеріп отыруы заңды. Massaget.kz тілшісі бұл ұғымның сырын түсінген, 74 жасында таптаурындарды бұзған, зейнетте майшам дайындап жүрген ер адаммен сұхбаттасты. 

Серік Темірбеков 1949 жылы Жамбыл облысы Мойынқұм ауданында дүниеге келген. Үлкен отбасыда өскен кейіпкердің 4 інісі мен 1 қарындасы бар. Үйдің үлкені жас кезінен жұмысқа раласқан. Бір қызығы, кейіпкердің негізгі мамандығы - есепші. Ол еңбек жолын бухгалтер болып бастаған, алайда кейін әскерге кетіп, қайтып оралғанда кез келген жұмысқа білек сыбана кіріскен. Көпбалалы отбасыны асырау үшін кәсіподақ ұйымында, зауытта жұмыс істеп, жүргізуші де болған. Алайда зейнетке шығып, 74 жасқа толғанда өзіне ұнамды, жанына жайлы іспен айналысамын деп шешкен. 

5 баласы, 7 немересі бар Серік Темірбеков 74 жасқа келгенде майшам жасаймын деген ой асүйде келгенін айтады. 

"Бәрі асүйдегі әңгімелерден басталды. Пайдалы және жағымды нәрсе жасаудың жолын іздедім. Мұның бәрі менің жаңа дағды мен хобби үйренуге деген қызығушылығымнан туды. Шығармашылығымды көрсетіп, қолдан бірнәрсе жасаудың жолын іздедім. Шам дайындау - қызық хобби ғана емес, сонымен қатар, демалу мен зейін қоюдың әдісі. Зейнеткерге бұдан басқа не керек?! Қуанышыма орай, қызым Ұлжан қол ұшын аямайды. Ол бұл бастамаға қуана-қуана қосылды. Біз бірге шамдарға пішін, түс пен иіс таңдаймыз. Оның майшам дайындау процесінен алатын ынтасы мен ләззаты мені одан сайын шабыттандырды. Бұл бұрын екеуміздің қызанақ егіп, оларға күтім жасаған кезімізді еске түсірді. Шам жасау біздің ортақ хоббиімізге айналды, ол бізді жақындастырып қана қоймайды, сонымен қатар, қолымызбен жасалған әдемі әрі пайдалы нәрседен ләззат алуға себеп", - деді ол. 

@mysham_aktobe Мой папа, в свои 74 года, начал увлекательное путешествие в мир ручных свечей. Его любопытство, бережное отношение и любовь к ремеслу преображают каждую свечу Представляю и вам ручные свечи от моего папы - творчество и любовь, залитые в каждом столбике воска. Создайте атмосферу тепла и уюта в своем доме, созданными с заботой и теплом от сердца. Поддержите и накидайте несколько заказов он будет очень счастлив !!! #свечиактобе #аромасвечиактобе #подарокактобе #бонбоньеркиактобе ♬ оригинальный звук - mysham_aktobe 🇰🇿

Кейіпкер неге бұл саланы таңдағанын түсіндірді. 

"Біріншіден, бұл - қызық әрі шығармалышыққа толы кәсіп. Шам жасау процесінде сіз пішіндермен, түстермен және, ең бастысы, хош иістермен тәжірибе жасай аласыз. Екіншіден, шам жасау мұқият болуды және дәлдікті талап етеді, бұл іске зейін қоюға және демалуға көмектеседі. Сонымен қатар, шам тек сән элементі емес. Ол жайлы атмосфераны сыйлап, кез келген үйді жылы әрі жайлы етеді", - дейді Серік Темірбеков. 

Шам дайындау процесі қалай өтеді? Оған қандай құралдар қажет? Ол қанша уақытты талап етеді? Кейіпкер бұл сұрақтарға жауап берді. 

"Шамдарды жасау процесі өте қызық. Алдымен, қызым екеуміз барлық қажетті затты таңдаймыз: 100 пайыз балауыз, фитильдер, хош иісті майлар, бояғыштар мен пішіндер. Содан кейін мен балауызды ерітемін, ол қызып кетпеуі үшін температураны мұқият қадағалаймын. Кейін процестің ең қызық жері басталады - хош иістерді қосамыз. Қызым екеуміз хош иістерді біріктіріп, әдемі композициялар жасау үшін мұқият таңдаймыз. Тұтынушыларымның үйі Франциядағы ең керемет үйлердің иісіндей аңқып тұру үшін ғажап иістерді қолдануды шештік. Мен ерекше және күрделі нәрсе жасағым келеді. Бұдан соң мен модель боламын. Шам жасау барысында қызым мені суретке, видеоға түсіріп, контент жасайды!" - деді зейнеткер. 

Дат халқының 28 пайызы күнде майшам жағады, тек 4 пайызы ғана майшам қолданбайды. Оларда майшам тек үйде емес, мектепте, тіпті дәрігер кабинетінде де тұрады. Майшамға деген махаббатты қалай тудыруға болады? 

"Дат халқы майшамның жанға жайлы атмосфера сыйлайтынын біледі және оны хүгге деп атайды. Хүгге - әл-ауқаттың, жайлылықтың, жылудың, сәтті бағалай білудің және қарапайым нәрседен ләззат алудың психикалық күйі. Шам жасағанда менің тұтынушыларым да осы "хүггені" сезсе екен деймін. Шамға деген махаббатты қалай оятуға болады? Ол өзіңізге күтім жасау немесе үйіңізге жайлылық жасау процесі арқылы оянуы мүмкін. Бұл - өзіңізге қамқор болу мен демала алатын жайлы әрі қауіпсіз мекен жасау. Бұған, әрине, сапалы шам таңдау өте маңызды!" - деді ол. 

@mysham_aktobe Немного интересных фактоф о моем папе. #свечиактобе #подарокактобе #аромасвечиактобе #корпоративныеподаркиактобе #корпоративныеподаркиактобе #моментырадости #доставкасвечейпоказахстану #моментырадости ♬ оригинальный звук - mysham_aktobe 🇰🇿

Кейіпкер сапалы майшам таңдауда неге басты назар аудару керегін бөлісті. 

"Шамның қандай материалдардан жасалғанына назар аударыңыз:
1. Табиғи балауыз (ара, соя, кокос) таза күйеді, ұзақ тұрады және зиян шығарындылары жоқ. Соя шамдары қоршаған ортаға зиянсыз және ұзаққа жетеді. 
2. Мақта немесе ағаш майлық тегіс жанады және күйе болмайды. Қалыңдығы шамның өлшеміне сәйкес келуі керек.
3.Тым өткір иіс таңдаңмауға тырысыңыз, әсіресе шағын кеңістік үшін.
5.Өзіңіздің декорыңызға және жеке қалауыңызға сәйкес шамдарды таңдаңыз. Шам сыйлыққа арналған болса, оның қаптамасы да маңызды.
6. Басқа сатып алушылардың пікірлері мен ұсыныстарын оқыңыз.
7. Биологиялық ыдырайтын материалдарды қолдануға, зиянды қоспалардың болмауына және пластмассаның аз қолданылуына назар аударыңыз.

Осы нұсқаулық арқылы, сіз қауіпсіз, жағымды әрі ұзаққа жететін шам таңдай аласыз", - деп кеңес берді кейіпкер. 

74 жастағы зейнеткер бұл жасқа келгенде таптаурындарды бұзып, жаның сүйетін іспен айналысу туралы айтты. 

"Таптаурындарды кез келген жаста бұзуға болады, 74 жаста да бұл жасқа қатысты таптаурындар нағыз сынақ болды. Менің жасымдағы адам үйреншікті және үйреніп кеткен іспен айналысады деген қоғамның үмітін ақтаудың орнына, басқаша шешім қабылдадым: шығармашылық арқылы өзімді таныту жолын таңдадым. Жаңа нәрсе бастау ешқашан кеш емесін тәжірибем арқылы дәлелдей аламын. Таптаурындарды бұзу арқылы біз адам жаының жаңа дағдылар мен хоббиді үйренуге кедергі емес екенін дәлелдейміз. 74 жасымда өзімді таныту жолын таптым, ол маған қуаныш пен қанағат әкеледі", - деп қорытындылады кейіпкер. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Бөлек