Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
![Демалыс күндері ауа райы қандай болады?](/userdata/news/news_108430/image_l.jpg)
Фото:
Massaget.kz/Bolat Aitmolda
Синоптиктер алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады, көптеген өңірде өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнап, жел күшейеді. Еліміздің оңтүстік-батысында ғана жауын-шашын жаумайды.
"Республиканың солтүстігінде және орталығында ауа температурасы 17-27 градусқа дейін, ал еліміздің оңтүстігінде 27-35 градусқа дейін біртіндеп көтеріледі", - деп жазылған хабарламада.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова