Павлодар облысында үш мың гектар жерді заңсыз берген қызметкер сотталды

Павлодар облысында үш мың гектар жерді заңсыз берген қызметкер сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Қазақстан" телеарнасына сілтеме жасап. 

Аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы мемлекетке келтірілген 80 миллион теңгеге жуық шығынды өтеуге тиіс.

Мемлекеттік қызметкер Ертіс ауданындағы ауылдық округке тиесілі 3 мың гектар жердің құжатын ауыл шаруашылығы мақсатында пайдалануға болады деп базаға жалған мәлімет толтырып, ірі шаруашылық иесіне беріп жібереді.

Ал бұрын бұл учаскелерге малын баққан ауыл тұрғындары жайылымсыз қалған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!