Батыс Қазақстанда 286,5 миллион теңге алимент қарызы өтелді

Батыс Қазақстанда 286,5 миллион теңге алимент қарызы өтелді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бос жұмыс орындары жәрмеңкелері ұйымдастырылып, нәтижесінде 139 борышкер жұмысқа орналастырылған, 274 адам жұмыспен қамту органдарында тіркелді.

Зиянды борышкерлерге тиесілі көліктерді анықтау және ұстау бойынша бірлескен рейдтер барысында, борышкерлердің алимент бойынша берешегі 12,5 млн.теңге сомасында 7 көлігі белгіленіп, қамауға алынды (4 тұлға 6 млн.теңге қарызын дереу өтеді).

100 борышкерді сот шешімдерін орындамағаны үшін анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тартты, оның ішінде сот 81 тұлға қамауға алып, 22 адамға айыппұл салынды.

2 жылға дейінгі мерзімге шектеу немесе бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейтін алимент төлеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 139-бабы бойынша 14 зиянды борышкерге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!