Қазақстандықтар телефонына хабарландыру алды. Бұл не?

Қазақстандықтар телефонына хабарландыру алды. Бұл төтенше жағдай туралы ескертетін жүйе, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алматыда 31 мамырда сағат 12:00-де Mass Alert - ТЖ туралы құлақтандыру жүйесі сынақтан өтті. 

Мемлекет басшысының тапсырмасымен Алматыда Mass Alert ТЖ туралы жедел құлақтандыру жүйесін іске қосу жобасы жүзеге асырылды.

Бірінші кезеңде – 31 мамырдан бастап жүйе Android құрылғыларын пайдаланушылар үшін іске қосылды.

Сағат 12:00-де Android мобильді құрылғыларды пайдаланушыларға қазақ, орыс және ағылшын тілінде - "Алаңдамаңыздар. Халықты хабардар ету жүйесіне тексеру жүргізілуде. Не беспокойтесь. Проводится проверка системы оповещения населения. Remain calm. The public alert system is being tested", - деген хабарлама келіп түсті.

Екінші кезеңде iOS құрылғысының пайдаланушылары жүйеге қосылады.

Mass Alert жүйесінің SMS-ке қарағанда бірқатар артықшылығы бар. Хабарлама мобильді оператор желісіне қосылған, сондай-ақ жеке таңдалған географиялық аймақтағы барлық абонентке келеді. Сонымен қатар, жүйе желілердің шамадан тыс жүктелу жағдайында жұмыс істейді. Cell Broadcast технологиясының басты артықшылығы, қамту аймағындағы барлық абонентті бірден әрі жаппай ескертеді.

Сондай-ақ, Mass Alert-ті Алматы ТЖД жер сілкінісі туралы ерте құлақтандырудың автоматты жүйесімен біріктіру жоспарланған.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!