Астанада краншы биіктен құлап, қаза болды

Астанада краншы биіктен құлап, қаза болды
Фото: Видео кадры

Елордадағы құрылыс алаңында қайғылы оқиға болды. Әлеуметтік желіде ер адамның тұрғын көзінше биіктен құлап кеткені айтылған видео тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Видео авторының айтуынша, оның терезелері құрылыс алаңына қарайды.

"Бүгін таңертең көңіл-күйім жақсы еді, кофе ішіп отырып (...) құрылыс алаңына қарап отырдым. Үстелде отырғанда, кран көрінеді. Көз алдымда краншы құлап кетті, жедел жәрдем келді, адамдар жиналды. Мұндай қайғылы қазаны көрмегенмін", - дейді ол.

Астана полиция департаменті өкілдері қайғылы оқиғаны растап, жағдайға қатысты пікір білдірді.

"Краншы мұнара кранынан түсіп жатқанда биіктен құлап, алған жарақатынан қаза болды. Бұл дерек бойынша "Абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр, ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес қажетті сараптамалар тағайындалды, басқа мәліметтерді жария етілмейді", - деп хабарлады баспасөз қызметі өкілдері. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек