"Күйеуі ұрды". Әлеуметтік желіде көмек сұраған әйелдің эксперимент видеосы тарады

"Күйеуі ұрды". Әлеуметтік желіде көмек сұраған әйелдің эксперимент видеосы тарады
Фото: Видеодан алынған кадр

Әлеуметтік желіде бұрынғы күйеуі ұрып жүрген әйелдің халықтан көмек сұраған эксперимент-видоесы тарады. Видеоны almasbek_batyr және mr_jon.kz есімімен тіркелген парақша иесі жариялаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

5 сағат жүргізілген эксперимент нәтижесінде тек бір ер-азамат қана әйелді құтқаруға көмектесіп, әрекет жасаған. Идея авторлары құтқаруға тырысқан Диас есімді азаматқа өз атынан 50 мың теңге ақшалай сыйлық берді. 

Видеоға әлеуметтік желіде 70 мыңға жуық ұнату белгісі басылып, 3000-нан астам пікір жазылған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ALMASBEK BATYROV (@almasbek_batyr)

"Қаракөз қарындастарымызды қорғап жүрейік", - деп жазды видео авторы.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

А. Жайыққызы