Күннің қатты ысуына орай жұмыс күнін қысқарту ұсынылды

Ауа райының ыстық болуы жұмыс істеудің тиімділігін нашарлатады. Әсіресе ашық аспан астында немесе климаттық бақылау жабдығы жоқ бөлмелерде жұмыс істейтіндер үшін қиын. Роспотребнадзор (Ресей - еск.) ауа температурасының жоғарылауы жағдайында сақталуға тиіс бірқатар ұсыныстарды еске салды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Astana TV-ға сілтеме жасап. 

Егер кондиционер болса, бөлме температурасын 24-25 градус деңгейінде болғаны жөн. Кондиционері жоқ жұмыс бөлмесіндегі температура 28,5 градус жетсе, жұмыс күнін бір сағатқа қысқартқан жөн; 29 градусқа дейін көтергенде - 2 сағатқа, ал бөлме 30,5 градусқа дейін қызған жағдайда - 4 сағатқа қысқартқан дұрыс. 

"Дене қызып кетпеуі үшін (гипертермия) жұмыс режимін дұрыс ұйымдастыру қажет. Ашық аспан астында және 32,5 градус және одан жоғары температурада 15 - 20 минут істеп, кейін желдеткіші бар бөлмелерде кемінде 10 - 12 минут демалу керек", - делінген ведомствоның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Ауызсу жеткілікті мөлшерде және қолжетімді жерде болуы керек. Ауызсудың, сусындардың, шайдың ұсынылатын температурасы +10 – 15 градус.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!