Абай облысының 42 жастағы тұрғыны гашиш сақтағаны үшін сотталды

Абай облысының 42 жастағы тұрғыны гашиш сақтағаны үшін сотталды
Фото: elements.envato.com

Абай облысының 42 жастағы тұрғыны гашиш есірткі затын сақтағаны үшін 4 жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Биыл наурыз айында Семей станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында теміржол бойында есірткі заттарын сақтады деген күдікпен Абай облысының 42 жастағы тұрғынын ұстады.

Жеке тінту кезінде ұсталған азаматтан жалпы салмағы 244 грамм гашиш есірткі заты табылып, тәркіленді. Аталған факті бойынша көлік полицейлері сотқа дейінгі тергеу жүргізді.

Тергеу барысында оның өз үйінде жеке тұтыну үшін марихуана есірткі затын өсіріп, кейін оны жинап, кептіріп, ұсақтағаны анықталды. Семей қаласының № 2 соты қаскүнемді 4 жылға бас бостандығынан айырды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина