Алматыда бірнеше халықаралық іс-шара өтеді: жолдар жабылады

Алматыда бірнеше халықаралық іс-шара өтеді, осы себепті қаладағы жолдар жабылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алматы полиция департаментінің хабарлауынша,  30 мамыр мен 6 маусым аралығында Алматыда бірқатар халықаралық іс-шаралар өтеді:

  • 30-31 мамырда ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің Қорғаныс министрлері кеңесінің отырысы өтеді.
  • 2-3 маусымда Алматыда ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы кеңесінің отырысы өтеді.
  • 5-6 маусымда Алматыда ҰҚШҰ Қауіпсіздік кеңестері хатшылары комитетінің отырысы өтеді.

"Осыған байланысты, іс-шаралардың ауқымын, сондай-ақ қатысушылар мен қонақтардың санын ескере отырып, Алматы қалалық полиция Департаменті көлік қозғалысына ішінара шектеу қойылғаны туралы хабарлайды. Айта кету керек, жол шектеулері қоғамдық көліктерге әсер етпейді.
Біз азаматтардан уақытша шараларға түсіністікпен қарауды және кептелістерді болдырмау үшін алдын ала бағыттарын реттеуді сұраймыз", - деп хабарлады ведомство.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!