Елена Рыбакина "Ролан Гаррос" турнирінің үшінші айналымына өтті

Елена Рыбакина Парижде өтіп жатқан Ролан Гаррос турнирінің үшінші кезеңіне шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Отандасымыз екінші айналымда дүниежүзілік рейтингіде 50-орында тұрған нидерландылық Аранча Руспен бетпе-бет келді. Осыған дейін қарсыластар екі рет кездесіп, бір-бірден жеңіске жеткен еді.

Бұл жолы бірінші партияда Рыбакина 6:3 есебімен басым түсті. Екінші сетте Рус 4:2 есебімен алға кеткенімен, бұдан кейін Елена ойындағы басымдықты толық қолына ала білді. Есеп – 6:4. 

Енді Елена төртінші айналымға өту үшін әлемнің 27-ракеткасы, бельгиялық Элизе Мертенс немесе рейтингіде 81-сатыдағы хорватиялық Петра Мартичтің қай жеңгенімен кездеседі.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!