Алматыда үй жануарларын чиптеу басталады

Алматыда үй жануарларын чиптеу басталады
Фото: Алматы әкімдігінен

Алматыда үй жануарларын чиптеу бағдарламасы басталады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

2021 жылдың 30 желтоқсандағы №97-VII "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, 2024 жылы 1 маусымнан бастап Алматыда үй жануарларын (ит пен мысықты) тегін чиптеу бағдарламасы басталып, жыл соңына дейін жүргізіледі. 15000 үй жануарын чиптеу жоспарланған.

Бұл қызмет Алматы қаласының тұрғындары үшін қолжетімді, оны мына ветеринарлық клиникаларда жасауға болады:

  1. Allvet ветеринарлық клиникасы (Әуезов ауданы)
    мекенжайы: Төле би көшесі, 279 Б тел: 8 (747) 438-38-87 whatsapp арқылы жазылу керек
  2. Mastino ветеринарлық клиникасы (Медеу ауданы)
    мекенжайы: Есенберлин көшесі, 217 телефон: 8 (700) 327-44-89 whatsapp арқылы жазылу керек
  3. Taugul Vet Boutique ветеринарлық клиникасы (Әуезов ауданы) мекенжайы: Таугүл шағын ауданы 21 Тел: 8 (707)5413038, 8 (702)9457144 whatsapp арқылы жазылу керек
  4. "Хвостики" ветеринариялық клиникасы (Наурызбай ауданы) мекенжайы: Тастыбұлақ шағын ауданы, Жандосов 54, тел: 8(708) 983-43-13, 8 (727) 385-08-35.
  5. "Айболит" ветеринарлық клиникасы (Бостандық ауданы) мекенжайы: ҚазҰАУ, Абай даңғылы, 26, тел: 8 (708) 972-02-07.
  6. Dog Premium ветеринарлық клиникасы (Түрксіб ауданы) мекенжайы: Зимняя 1А, тел: 8 (707) 277-56-19.
  7. Dog Premium ветеринариялық клиникасы (Жетісу ауданы) мекенжайы: Грибоедов 105, тел: 8 (707) 339-33-28.
  8. Banzai ветеринарлық клиникасы (Наурызбай ауданы) Сейдімбек көшесі 26 А, тел: +7 707 327 01 01
  9. Ветстанция ветеринариялық клиникасы (Түрксіб ауданы) мекенжайы: Сейфуллин даңғылы №49, тел: 8 (701) 757 77 27

Айта кетейік, ветеринариялық мамандар ит пен мысықты чиптеу үшін қосымша аулаларды аралайды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Сатыбалдина