Елімізде жыл сайын қанша жетім бала асырап алынады?

Елімізде жыл сайын ел азаматтары 1 мыңнан астам жетім баланы асырап алады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Қазақстан" телеарнасына сілтеме жасап. 

21 мың жетім баланың 17 600-і қазақстандық отбасында тәрбиеленіп жатыр. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова айтты.

Оның айтуынша, 2027 жылға қарай елімізде балалар саны 8 миллионға дейін артады. Ресми дерекке сәйкес, қазір елімізде 6,8 миллион бала бар. Оның 3,8 миллионы мектеп жасында.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!