Тасқын: қырылған малдың еті базарларда сатылғаны рас па?

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин еліміздегі тасқын кезінде қырылған малдың еті базарларды сатылды деген ақпарат тексерілгенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Базарларда мұндай ет сатылды деген қауіп жоқ. Өйткені, сауда объектілерінде етті тексеретін ветеринарлық зертханалар бар. Қазір бізде сенімді ақпарат жоқ. Кейбір БАҚ-та жарияланғанан ақпараттан кейін оқиға орнына барып, тексеріс жүргіздік. Алайда мұндай деректер расталмады. Бүгінде ветеринарлық қызмет жағдайды бақылауда ұстап отыр", - деді Аманғали Бердалин.

Сондай-ақ вице-министр "Табиғи апаттан соң жұқпалы аурулар тарайды" деген мәлеметті жоққа шығарды.

"Бұдан да қорқудың қажеті жоқ. Себебі, тасқын кезінде қырылған мал анықталған жерлерде дезинфекция жүргізілді. 139 мыңнан астам бас мал қауіпсіз жерге айдалды. Оларға вакцина салынды. Жұмыс уақытында жүргізілді. Су тасқыны болған өңірлердегі мал қорымдары мен сібір жарасынан өлген малдар көмілген жерлерден тиісті қызмет сынамалар алды. Олар теріс нәтиже көрсетті", - деді министрдің орынбасары.

Айта кетейік, елімізде тасқын салдарынан 12 мыңнан астам бас мал қырылған еді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!