"Басын кесіп, кейін жерлеген". Маңғыстауда әскери қызметкер жантүршігерлік қылмыс жасады деген күдікке ілінді

"Басын кесіп, кейін жерлеген". Маңғыстауда әскери қызметкер жантүршігерлік қылмыс жасады деген күдікке ілінді
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Маңғыстауда 59 жастағы ер адамды ұрлап, өлтірді деген күдікпен екі әскери қызметкер ұсталды. Бұл туралы Еgovpress телеграм арнасы кейбір дереккөздерге сілтеме жасап парақшасында жариялаған болатын, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Тергеушілердің мәліметінше, күдіктілер марқұмның басын кесіп, кейін жерлеген. Тағы бір күдікті қашып кеткен. Ал қайтыс болған адам бірнеше күннен бері із-түзсіз жоғалғандар тізімінде болған. Полиция департаментінің баспасөз қызметі адамды ұрлап кетіп, өлтірген екі күдіктінің ұсталғанын растады.

"Екі күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Үшінші күдіктіні ұстау бойынша жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Қазір тергеу амалдары жүруде. Тергеу мүддесі үшін басқа мәліметтер жарияланбайды", - деп хабарлады Маңғыстау облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина