Президент "Ардагерлер ұйымы" республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасын қабылдады

Президент "Ардагерлер ұйымы" республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасын қабылдады

Мемлекет басшысы Мәжіліс депутаты, «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Ұлттық құрылтай мүшесі Бақтықожа Ізмұхамбетовті қабылдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бақтықожа Ізмұхамбетов:

«Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің атқарып жатқан жұмыстары жөнінде мәлімет берді:
      – қазір 2 жоба жүзеге асырылып жатыр. Атап айтқанда, «Дәнекер» бастамасы қолға алынған. Оның нәтижесінде соңғы 4 жылда 6896 даудың 4563-інде тараптар істі сотқа жеткізбей келісімге келген;
      – ал мұқтаж азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсетуге бағытталған «Іскерлік және жанашырлық» жобасы қазір Атырау, Солтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарында іске асырылуда;
ардагерлердің «Қоғамдық бақылау туралы» Заңды жүзеге асыруға белсенді атсалысып жатқаны жөнінде баяндады. Олар су тасқынымен күрес кезінде халықты сабырға шақырып, түсіндіру жұмыстарын жүргізген;
мұнай-газ, ауыл шаруашылығы салаларына, өңірлерде азық-түлік бағасын тұрақтандыруға және дін мәселесіне қатысты ұсыныстар берді.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Сатыбалдина