Су тасқыны: елімізде ет қымбаттай ма?

 Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин еліміздегі тасқын салдарынан ет пен малдың бағасы өспейтінін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сенаттың жалпы отырысынан соң министрдің орынбасарына "Тасқынның салдары ет пен малдың бағасына әсер ете ме?" деген сұрақ қойылды.

Аманғали Бердалин табиғи апат нарықтағы бағаға әсер етпейтінін жеткізді.

"Жоқ, Қазақстанда 9 млн-ға жуық ірі қара, 27 млн-ға жуық қой, 4 млн-ға жуық жылқы бар. (Тасқыннан қырылған) 12 мың бас жалпы малдың 1% да болмайды. Сондықтан нарыққа ешқандай әсері болмайды", - деді вице-министр.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!