1 маусым - балаларды қорғау күніне қандай шаралар ұйымдастырылады?

1 маусым - балаларды қорғау күніне қандай шаралар ұйымдастырылады?
Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

1 маусым - балаларды қорғау күні. Massaget.kz тілшісі министрлікке ресми сауал жолдап, бұл күнге қандай шаралар ұйымдастырылғанын сұрады.

Ведомство мәліметіне сүйенсек, халықаралық балаларды қорғау күніне орай 29 мамыр мен 1 маусым күндері бірқатар шара жоспарланып отыр.

  • "Бала үні" тақырыбында жетістігімен көзге түскен үздік және адам өміріне арашашы болған батыр балалармен кездесу, мүдделі орталық мемлекеттік органдарымен бірге "Балалар әлемі" дөңгелек үстелі жоспарланған.
  • 1 маусымда еліміздің әр өңірінен балалар елордаға келіп, дәстүрлі түрде Астананың тарихи, мәдени көрікті жерлерін, Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясын аралайды.
  • Осы күні биыл алғаш рет ұйымдастырылып отырған "Әншуақ" қазақ тіліндегі балалар әндері фестивалінің "Open Air" гала концерті еліміздің барлық өңірінде өтеді.
  • "Жұлдызай" республикалық балалар шығармашылығы фестивалі елордада қорытындыланады.
  • Ел аумағында 10 мамыр – 10 маусым аралығында "Бақытты балалық үшін" республикалық акциясы өтіп жатыр.

"1 маусымда өңірлерде түрлі мерекелік шаралар, концерттер, балаларға арналған ойын-сауықтар мен тәлімі мол тұлғалармен кездесулер ұйымдастырылады", - деп жазылған министрлік жауабында.

©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Алматыда да халықаралық балаларды қорғау күнін тойлауға арналған іс-шаралар 30 мамырдан басталады. 

  • Мемлекеттік қуыршақ театрында 31 мамырда сағат 11:00-де биыл тұсауы кесілген "Етік киген мысық" спектаклі көрсетіледі, содан кейін жас көрермендер "Үйшік" қойылымын 14:30-да қазақ тілінде және 16:00-де орыс тілінде көре алады.

1 маусым - балаларды қорғау күні қаланың әр түкпірінде мерекелік бағдарламалар өтеді:

  • Басты концерт Орталық мәдениет және демалыс саябағында сағат 11.00-де өтеді. Сахнада қазақстандық эстрада жұлдыздары, сондай-ақ, балалар вокалдық және би ұжымдары өнер көрсетеді;
  • Д.А.Қонаев атындағы музей үйінде сағат 11:00-де және 15:00-де "Менің музейім" атты экскурсиямен қатар квест-ойын өтеді;
  • Н. Тілендиев мемориалдық музейінде сағат 12:00-де "Балалық шаққа саяхат" атты ашық сабақ өтеді;

1 маусымда Алматының аудандарында қандай іс-шаралар өтеді?

- Алатау ауданында сағат 11:00-де Нұркент, 5/11 мекенжайында орналасқан Мультимедиялық дәстүрлі музыкалық орталығында балаларға арналған экскурсия өтеді.

- Әуезов ауданында сағат 11:00-де Family Park демалыс саябағында мерекелік концерт, сондай-ақ, спорттық ойындар мен шығармашылық белсенділік өтеді.

- Алмалы ауданында сағат 11:00-ден 16:00-ге дейін Махатма Ганди саябағында Халықаралық байқаулар мен фестивальдар лауреаттарының және ауданның шығармашылық ұйымдарының ансамбльдерінің қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылады.

- Жетісу ауданында сағат 10:00-де Гүлдер саябағында Damu Bala бағдарламасының қатысушыларымен мерекелік концерт, сондай-ақ, көрме, түрлі шеберлік дәрістері мен шахматтан турнир өтеді.

- Медеу ауданында сағат 13:00-де Орталық мәдениет және демалыс саябағында, сондай-ақ, Алатау шағынауданында сағат 11:00-де ауданның шығармашылық ұжымдарының қатысуымен мерекелік концерт өтеді.

- Наурызбай ауданында сағат 18:00-де Шұғыла, 347 мекенжайындағы амфитеатр аумағында концерттік бағдарлама, қолөнер жәрмеңкесі және суреттер көрмесі ұйымдастырылады.

- Түрксіб ауданында сағат 10:00-де С.Сейфуллин атындағы саябақта өнер ұжымдары мен ансамбльдердің қатысуымен концерттік бағдарлама өтеді, сондай-ақ, балаларға арналған түрлі квесттер, шығармашылық шеберлік дәрістерімен спорттық ойындар ұйымдастырылады.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова